Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтөбеде өткен туған жиен қарындасының сырға салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы әншінің жанкүйерлері әлеуметтік желіде жариялаған жазбалар мен фотосуреттерден белгілі болды. Желіде тараған суреттерде Димаштың туыстарымен бірге ұлттық киім киген жандардың ортасында түскені көрінеді.
Жарияланым авторы әншінің Ақтөбеде өзінің туған-туыстарымен бірге маңызды отбасылық шараға қатысқанын жазған.
«Әрине, біздің сүйікті Димаш туған Ақтөбедегі немере қарындасының сырға салуы сияқты маңызды шараға бүкіл сүйікті отбасымен бірге келмей қала алмады. Керемет Альбинаны тағы да шын жүректен құттықтаймыз!», деп жазды жанкүйерлері.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген соңғы уақытта шығармашылық жұмыстарымен қатар отбасылық іс-шараларға да уақыт бөліп жүр. Жуырда әнші жаңа әлемдік турын бастайтынын жариялаған болатын.