Назым Қахарман бұрынғы енесінің үстінен 25 миллион теңге талап етіп, сотқа арыз түсіргенін айтты. Бұл соңғы екі жылда Бишімбаевтың отбасы тарапынан Назымға қарсы ашылған төртінші сот процесі, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Мәселе Назым екінші баласы туған соң басқарған фитнес-клубқа байланысты. Жаттығу залы сенімгерлікпен Назымға берілгенімен, мүлік енесінің атына рәсімделген. Назым бұрын бұл келісімге сеніммен қарағанын, ал қазір оның «тұзаққа» айналғанын айтады.
Назым бұл әрекетті бұрынғы енесінің кектенуі деп санайды.
«Бұл миллиондарды талап ету- өз немерелерінің ырзығын тартып алумен тең. Балаларымның жүрегі жараланды», - деді ол.
Назым бұрынғы енесінің өзіне деген араздығын уақытында некеден кезінде келіп, өзін құтқарып қалғанымен түсіндірді.
Бұрын бұрынғы күйеуін тек ата-аналық құқықтан айыру үшін сотқа жүгінген Назым, енді оларға қарсы алимент өндіріп алу бойынша қарсы талап-арыз беруді жоспарлап отыр.