Қоғам

"Алдар Көседегі бай сияқты": Тәжіғали Елеуовтің мәлімдемесі жұрттың жағасын ұстатты

"Алдар Көседегі бай сияқты": Тәжіғали Елеуовтің мәлімдемесі жұрттың жағасын ұстатты

Тәжіғали Елеуов журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында қарамағандыға жылқышы туралы бар білгенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Мал иесінің сөзінше, Рахат Сәрсеновтің үй салатын жағдайы жоқ. 

"Кеше үйіне бардым, тағы үй салып жатырмын. 150 мыңға кім үй сала алады? Менің жылқыларымды жымқырып үй салып алды. Балаларының бәрін үйлендірдім, бәрінің тойын жасадым. Бәрі отбасылы. Бес баласы есейіп ер жетсе де әкесіне бір үй салып бере алмайды. Өзім құрылысшымын, үй салу оңай емес. Балаларының қанша айлық алатынын білемін. Тайбек 400 мың теңге айлық алады. Ондай айлыққа үй салмайды. Кредиттері жоқ, бәрін тексердім", деді ол. 

Осы тұста Руслан Өтепбай Тәжіғали Елеуовтен біреудің құпия ақпаратын қалай білуге болатынын сұрай кетті. Мал иесі сұраққа жауап беруден бас тартты. 

"Алдар Көседегі бай сияқты", "Мен, мен деп қалған кісі екен", "Үйді тек осы кісі ғана сала алады, басқалар сала алмайды", "Мына арсызды қамау керек", деп жазды пікір білдірушілер. 

Барлық жаңалық