Танымал блогер әрі тележурналист Динара Сәтжан ұлының алдағы үйлену тойына дайындықтың басталғанын айтып, әлеуметтік желідегі қызу талқыға айналған дәстүрге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жуырда жалғыз ұлын сүйіктісімен құда түсірген Динара Сәтжанның айтуынша, енді отбасы күзде өтетін үлкен тойға дайындалып жатыр.
«Бұйырса, күзде үлкен той жасауды жоспарлап отырмыз. Алғашында жас жұбайларға арналған торттың бірінші бөлігін мен жеймін деп ойлағанмын.Бірақ әлеуметтік желідегі пікірлерді оқып, бұл "ред флаг" саналатынын көрдім. Сондықтан торттың алғашқы бөлігін жастардың өздері жесін. Мен үшін ең маңыздысы – екеуінің бақытты болуы», – деді Динара Сәтжан.