Қоғам

«Назарбаев Астананы фэншуймен салған»: Нумеролог бірінші президенттің құпиясын ашты

«Назарбаев Астананы фэншуймен салған»: Нумеролог бірінші президенттің құпиясын ашты

Астанаға қатысты күтпеген пікір: Ирина Раззақх фэншуй туралы ойын айтты Психолог, нумеролог Ирина Раззах Астана қаласының фэншуйі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында елорданың сәулеті мен орналасуы кездейсоқ емес екенін айтып, бұл бағытты ұзақ уақыт зерттегенін жеткізді.

«Алматы қаласының Оңтүстік бағыты өте жабық. Таудың бәрі Оңтүстікте болғандықтан әр от жылы келген сайын қаланың аты жаман жағынан шығатын болады. Желтоқсан оқиғасы да барыс жылында болған. Биыл жер сілкінеді деп жатыр, қайыр болсын жаман бақылау жасағым келмейді. Астана Алматыда қала берсе, әлемдік деңгейде аты шықпайды деп көшірген. Бұрынғы президент феншуйды қатты жақсы көрген. Н.Назарбаев Астана қаласын фэншуймен салған дегенді көп естідім. Пирамида, арка, правый берег, левый берег, каналдардың қозғалысы – бәрі жайдан-жай емес. Астана қаласының фэншуйын зерттегенде, “жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды” деген тұжырымға келдім», – деп жазды Ирина Раззах. 

Айта кетейік, нумерологтың блогер Ырысбала Икрамбай туралы айтқан мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түскен еді. 

Барлық жаңалық