Қоғам

Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілді

Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілді

Вьетнамнан Қазақстанға 2026 жылдың қаңтарында халықаралық іздеуге жарияланған атышулы блогер Қайсар Қамза оралды,деп хабарлайды Ozgeris.info

Қайсар Қамза өзінің треш-контентінің арқасында Инстаграмда 2 миллионнан астам жазылушы жинап, кейін заңсыз жарнама арқылы ақша таба бастады. Ол Қазақстанда тыйым салынған онлайн-казиноны 400 мыңнан астам жанкүйері бар жабық телеграм-каналы арқылы жарнамалаған.

Казино Қазақстанда ресми лицензия алған шетелдік «Pin-Up» букмекерлік кеңсесінің атымен іске қосылғанымен, құмар ойын сүйер қауымды рулетка және басқа да тыйым салынған ойындары бар сайттарға бағыттап отырған.

Бұл тақырыпты әлеуметтік желілер арқылы танымал тұлғалар насихаттаған, Қазақстандықтарды алдауға Қайсар Қамза да көмектесіп, ол үшін өте жақсы гонорарлар алып отырған, тек криптаның өзінен одан 200 мың долларға жуық қаржы табылды.

«Козачков» арнасы хабарлағандай, схема ашылған кезде блогер Оңтүстік-Шығыс Азияға кетеді, оны сәуір айында Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша жергілікті күштік құрылымдар тауып алды. Міне, енді Вьетнамдағы демалыс аяқталды.

Редакция бұл ақпарат бойынша ҚМА-ға сұрау жолдады.

Барлық жаңалық