Танымал продюсер Баян Мақсатқызы тойда әйелдер мен әншілерге тіл тигізген ақсақалға үн қатты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
«Бұл асабаны жауапкершілікке тартады деп үміттенемін. Келесі жолы осындай адамдардың қолынан микрофонды тартып алып, арырақ қуып жіберу керек. Сендерге, діни фанаттарға, қанша рет айту керек? Біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және сендердің ескі діни көзқарастарыңды таратуға жол бермейміз. Ауғанстанға кетіңдер, ол жақта шариғат заңымен өмір сүреді», деді ол.
Айта кетейік, той үстінде теріс пікір айтқан ақсақал қамауға алынды.