Белсенді Азамат Сәрсенов қоғамда қызу талқыға түскен ақтөбелік жылқышының жұмыс берушісі Тәжіғали Елеуов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
"Ақсақал емес, нағыз ақымақ шал екен… Ұятын ай, ертегідегі аңызға айналған, сараң байды шын өмірде бар екеніне, осы @ruslan_utepbai сұқбатын қарап көзім жетіп отыр…
33 жыл бойы құл болып 150 мың теңге айлыққа, жаздың ыстығына, қыстың суықтығына қарамастан, мына сараң байдың малын бағып жүрген байғұыс жылқышының еңбегін бір тиын қылып, ұялмай қызармай оттап отырғаны жанымды күйдіріп отыр…
Ай қасқай, Тәжіғали, ішің күйсін, Рахат атамыз сеннен көрмеген жақсылықты, халықтан көріп баспаналы болды!", деп жазды ол.