Термеші, бұрынғы депутат Бекболат Тілеухан Аман Тасығанға сұхбат берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол әңгімелесу барысында сахна туралы сөз қозғады.
"Сахна киелі дейді. Ешқандай киесі жоқ. Мінбердің киесі болуы мүмкін. Сахна дегеніміз еден мен микрофон. Онда мен отырған жер де сахна. Оны кие-пие деп, өзін қатардағы адам көргісі келмей айтатын мақтаншақ адамдардың сөзі болып көрінеді маған", деді ол.
Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
"Термеші болып жүргенде сахнаның киесі бар деп талай айтқан шығар", "Қанша халықтың назары бар, сол үшін киелі", "Өзің сол сахнаның киесімен көтерілген жоқ па едің", "Осы Бекболатты сахнаның киесі атқан, сірә", "Сол сахнаның киесі ұрып, өзі сахнаға шыға алмай қалды ғой", деп ашуланды көпшілік.