Бағдагүл емші атымен танылған ақтөбелік әйел желіде Баян Мақстақызы мен Динара Сәтжан туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Бұл туралы ол TikTok парақшасында жазды.
"Қазақстанды ұстап тұрған екі қатын ғой. Біреуі - Баян-Шаян, екіншісі - Динара. Екеуі екі бай еркекті ұстап алған. Екеуінің жерге түкірігі түспей тұр. Бірақ қазақша сөйлеп елге жаны ашымайды. Динара Сәтжанның сән көрсетілімі масқара болып жатыр енді. Жұрттар жазып жатыр қалай қарауға болады деп. Оған арнайы шақырту керек дейді. Арнайы шақырылғандарды көрдік, тек байдың қатындары. Арасында бір кедейі жоқ. Киімдердің дизайны жақсы енді, бірақ көбінің материалы арзан. Көрініп тұр сапасыз дүние екені", - деді сынықшы.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Бағдагүл емшінің айтқанын қолдаса, енді бірі Баян мен Динараны жақтап шықты.