Жаңалықтар

Жиырма екі жылдан соң Ыстықкөлге оралған Ақаев Назарбаев туралы күтпеген жаңалық айтты

Жиырма екі жылдан соң Ыстықкөлге оралған Ақаев Назарбаев туралы күтпеген жаңалық айтты

Журналист Асхат Ниязов Қырғызстанның бұрынғы басшысы Асқар Ақаевпен тілдесіп біраз сұрақтың жауабын алды. Сұхбат барысында көрші елдің экс-президенти Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы туралы құпияның шетін шығарды. Ол Қазақстанның тұңғыш президентін жақында ғана көрген екен. Бұл тақырыпта көсіліп сөйлеуден бас тартқанымен бұрынғы әріптесінің аман-есен, дені сау және көңіл-күйі өте жақсы екенін кесіп айтты. Екі саясаткер отыз жылдан бері сыйластығын жоғалтпаған. Жалпы Ақаев бұрын бірге қызмет еткен тұлғалардың барлығымен тамаша қарым-қатынаста екенін баяндады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұрынғы мемлекет басшысы қазір туған елінде жүр. Ол жиырма екі жыл дегенде Ыстықкөлге алғаш рет табан тіреді. Қырғызстанға бұған дейін осыдан төрт жыл бұрын барыпты. Журналистің сұрағына жауап бере отырып шекарадан өту кезінде ешқандай кедергіге тап болмағанын түсіндірді. Бойында ешқандай үрей жоқ. Сондықтан қасында оққағарлары да байқалмайды, тек туған қызымен бірге алаңсыз серуендеп жүр.

Бүгінде саясаткер Ресей астанасы Мәскеуде ғұмыр кешіп жатыр. Ондағы әйгілі Михаил Ломоносов атындағы мемлекеттік университетте математика профессоры қызметін атқарады. Негізгі жұмысы білім беру мен ғылыми ізденіс саласына арналған. Жас ғалымдарды, дәлірек айтқанда аспиранттар мен докторанттарды дайындайды. Сонымен қатар ғылыми еңбектер жазуды күнделікті мақсат еткен.

Барлық жаңалық