Шоу-бизнес

"Шаңырағымызда той болады!": Мөлдір Мұқан сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

"Шаңырағымызда той болады!": Мөлдір Мұқан сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Өнер иесінің жақын құрбысы Жазира Байырбекова Мөлдірдің шаңырағында бірден үш қуанышты оқиға қатар келіп тұрғанын айтты.

«Мөлдірдің отбасында үлкен қуаныш. Бір баласы мектеп бітіруде, екіншісі жоғары оқу орнын тәмамдап жатыр, ал үшіншісі сүндетке отырып, мектепке баруға дайындалуда. Қандай бақытты ана!» – деді ол.

Өз кезегінде Мөлдір Мұқан алда үлкен той күтіп тұрғанын жасырмай, дайындық жұмыстары басталып кеткенін жеткізді.

«Әр шаңырақта осындай қуаныш болсын! Қандай той болатынын әзірге құпия ұстап жүрген едім, бірақ Жазира айтып қойды. Тойға қатысты ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймын», – деп жазды әнші.

 

Барлық жаңалық