Қоғам

«Қайғы бөліссе азаяды»: Нұрлан Өнербаев марқұм анасына арнап жүрек тебірентер жазба жариялады

«Қайғы бөліссе азаяды»: Нұрлан Өнербаев марқұм анасына арнап жүрек тебірентер жазба жариялады

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желіде марқұм анасына арнап жүрек тебірентер жазба жариялады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі анасына деген сарқылмас сағынышын жеткізіп, осы қиын сәтте қолдау білдіріп, көңіл айтқан барша жанға алғыс айтты.

«Қайғы бөліссе азаяды» деген сөздің мәнін енді тереңірек түсінгенін айтқан әнші жұртшылықтың жылы лебізі мен шынайы көңілінің жүрекке жеңілдік сыйлайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол анасының ақ сүтін ақтап, перзенттік парызын толық өтей алды ма деген сауал көкейінде қалғанын жазды.

«Жалғандағы жарығым, аналық ақ тілегімен тірек болған қорғаным едің. Енді кімге сенім артып, кімнен қорған тілермін. Аяулым – Анам. Мәңгілік елді – әнім менің», – деп жазды Нұрлан Өнербаев.

Барлық жаңалық