Шоу-бизнес

"Түріңді жинап алшы": Еркебұлан Тоқтар күзетшілермен жаға жыртысты (ВИДЕО)

"Түріңді жинап алшы": Еркебұлан Тоқтар күзетшілермен жаға жыртысты (ВИДЕО)

Танымал актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар өзі ойнаған «Бишарашки» фильмінің премьерасына кіре алмай, шарадан кетіп қалғанын айтты, деп хабарлайды  ozgeris.info сайты. 

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, кинотеатр күзетшілерінің әрекетіне көңілі толмағанын жеткізді.

Еркебұлан Тоқтардың айтуынша, премьера алдында ол көрермендермен ұзақ уақыт суретке түсіп, жанкүйерлеріне көңіл бөлген. Алайда кино залына кірмек болған кезде күтпеген жағдайға тап болған.

«Бір сағаттай уақыт мыңға жуық адаммен суретке түстім. Кейін залға өтейін десем, мобилографым қалып қойыпты. Күзет қызметкерлерінен оны бірге өткізіп жіберуді сұрадым. Бірақ олар дөрекі сөйлеп, тіпті біреуі маған “түріңді жинап алшы” деді. Бұл сөз қатты әсер етті», – деді актер.

Ол мұндай ауқымды мәдени шараларда өзара сыйластық пен әдеп сақталуы қажет екенін атап өтті. Актер ұйымдастырушылар мен күзет қызметі тарапынан құрметтің жетіспегеніне қынжылатынын жасырмады.

«Премьера – мәдениетті орта болуы керек. Адамдар бір-бірімен сыпайы сөйлесіп, құрмет көрсетуі тиіс. Өкінішке қарай, жағдай керісінше болды. Осы оқиғадан кейін ол жерден кетіп қалдым. “Бишарашки” фильмі ақыры бізді де бишара қылып жіберді. Мұндай премьераның болғанынан болмағаны жақсы», – деп пікір білдірді Еркебұлан Тоқтар.

Барлық жаңалық