Жаңалықтар

"Жүрегі үш рет тоқтаған": Сарбаз Ербаян Мұхтардың демі үзілген сәтінің видеосы тарады

"Жүрегі үш рет тоқтаған": Сарбаз Ербаян Мұхтардың демі үзілген сәтінің видеосы тарады

Әлеуметтік желіде әскери борышын өтеп жүріп ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың демі үзілген сәтінің бейнежазбасы тарады. Қаралы хабарды алдымен марқұмның анасы Гүлсім Қамиева естіртті. Көп ұзамай бұл ақпаратты отбасының адвокаты Инга Иманбай ресми түрде растады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қорғаушының мәліметінше Астана қаласындағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері Ербаянның ата-анасына ұлдарының жағдайы мүшкіл екенін хабарлаған. Ақ халаттылар сарбазды аман алып қалу үшін барын салып оның тоқтап қалған жүрегін үш рет қайта іске қосқан. Алайда кешкі сағат тоғыздар шамасында жігіттің жүрегі біржола тоқтады.

Айта кетейік Ербаян Мұхтар маусым айының жиырма жетісі күні жиырма төрт жасқа толуы тиіс еді. Ол 2023 жылы басынан өте ауыр жарақат алып төсек тартып жатып қалған болатын. Соңғы күндері денсаулығы күрт нашарлағандықтан шұғыл түрде елордадағы ауруханаға жатқызылған еді.

Марқұм сарбаздың басындағы бұл қайғылы жағдай тұтас қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оның денсаулығы, емделу барысы мен әділдік іздеген отбасының жанайқайы ұзақ уақыт бойы халықтың жіті назарында болды.

Барлық жаңалық