Астана қаласы

Астанада екі қабатты кафе өртке оранды

Астанада екі қабатты кафе өртке оранды

Астананың «Есіл» ауданында Тайбеков көшесінде орналасқан екі қабатты кафеде өрт шықты деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Өрт салдарынан ғимараттың бірінші және екінші қабаттарындағы жиһаздар жанған. Құтқарушылар өртті 80 шаршы метр аумақта сөндіріп, жалынның бүкіл ғимаратқа таралуына жол бермеді. Оқиға орнында қалың түтін байқалған.

 

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Мауленбердиевтің айтуынша, жедел әрекеттің арқасында өрт қысқа уақытта оқшауланған.

 

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Барлық жаңалық