Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов бүгін Фарер аралдарына қарсы өтетін Ұлттар лигасының матчында негізгі құрамда алаңға шығуы мүмкін. Бұл туралы AmanVIBE Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info
Арна мәліметінше, «Ахмат» клубының шабуылшысы ұлттық құрама сапындағы ойынға қайта оралып, кездесуді алғашқы минуттардан бастайды. Сонымен қатар Самородовтың өзінің сүйікті 10-нөмірлі жейдесімен алаңға шығатыны айтылды.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы үш матчында үш гол соққан. Команда әр кездесуде бір реттен мергендік танытқанымен, шабуыл шебінде креативтің жетіспеуі байқалды.
Осы тұрғыда Самородовтың сапқа қайта қосылуы Қазақстан құрамасының шабуылдағы мүмкіндігін арттыруы мүмкін.
AmanVIBE мәліметінше, Фарер аралдарына қарсы бүгінгі кездесуге Қазақстан құрамасының жеті ойыншысы қатыспайды:
Александр Заруцкий
Темірлан Ерланов
Александр Мрынский
Рамазан Оразов
Азамат Тұяқбаев
Ғалымжан Кенжебек
Ислам Чесноков
Қазақстан — Фарер аралдары матчы Астана Аренада өтеді. Кездесу 19:00-де басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Максим Самородовтың негізгі құрамда шығатыны туралы ақпарат AmanVIBE Telegram арнасының инсайнына негізделген.