Қоғам

«Ауру әйел»: Ұлымен сүйіскен ананың видеосы желіде наразылық тудырды

«Ауру әйел»: Ұлымен сүйіскен ананың видеосы желіде наразылық тудырды

Threads желісінде жас ананың кішкентай баласының ернінен сүйген видеосы қызу талқылануда, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Видео кадрларынан белгісіз әйелдің кішкентай баланың иегінен тартып, ернінен сүйгенін байқауға болады. Осыдан кейін желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

"Ауру әйел", "Мұндай аналарды қоғамнан алыстату керек", "Шегіп алған ба", "Қасындағы адамдар қой демей ме", "Қыз баланың да, ер баланың да ернінен сүюге болмайтынын қашан түсінесіңдер", деді ашулы жұрт. 

Аталмыш видео желіде кеңінен тарағаннан кейін автор түсініктеме берді. 

"Сәлеметсіздер ме. Мен видеодағы кәмелетке толмаған баланың анасымын. Бұл видео бастапқыда жай ғана көңіл көтеру үшін, жеке мақсатта түсірілген. Оны әлеуметтік желілерде жариялауға және көпшілікке таратуға келісім берген жоқпын. Қазір видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Баламның видеосын рұқсатсыз жариялауға және оны көпшілікке таратуға қарсымын. Осыған байланысты видеоны дереу өшіріп, әрі қарай таралуына жол бермеулеріңізді сұраймын", деді ол.

Алайда желі қолданушылары видеоны өшірмейтіндерін, ананы ерсі әрекеті үшін жауапқа тарту керектігін жарыса жазды. 

 

 

 

Барлық жаңалық