💰 Экономика

Елде банк кімдердің несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Елде банк кімдердің несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Бұл талап алаяқтық несиеге және қарыз беру кезінде заң талаптары сақталмаған жағдайларға қатысты, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қылмыстық қудалау органдарының тиісті процестік құжаттары негізінде несие беру кезінде заңда белгіленген талаптардың бұзылғаны анықталса, банк қарыз алушының берешегін толық есептен шығару туралы шешім қабылдауға тиіс.

Мұндай жағдайда банк:

– несие бойынша қалған берешекті толық есептен шығарады;

– қарызды өндіріп алу мен талап-арыз жұмысын тоқтатады;

– кредиттік бюролардағы мәліметтерді түзетіп, азаматтың кредит тарихындағы тиісті жазбаларды жояды;

– осы несие бойынша бұрын өндірілген сыйақы мен өсімпұл сомаларын қарыз алушыға қайтарады.

Бірақ бұл кез келген алаяқтық туралы шағымданған адамның несиесі автоматты түрде кешіріледі деген сөз емес. Қарыздың заң талаптары сақталмай берілгені заңда көзделген тәртіппен расталуы қажет.

Сонымен бірге Қазақстанда барлық азаматтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтардың банк несиесін жаппай кешіру бағдарламасы жоқ.

Қаржылық қиындыққа тап болған азаматтар үшін басқа тетік те қарастырылған. Соттан тыс банкроттық банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздарға қолданылады. 2026 жылы оның негізгі шарттарының бірі – берешектің 1 600 АЕК-тен, яғни 6 920 200 теңгеден аспауы және қарыздың кемінде 12 ай өтелмеуі.

Ал қарызы бес жылдан астам уақыт бойы өтелмеген азаматтарға бірқатар жеңілдетілген талап қолданылады. 2026 жылғы өзгерістерден кейін қарызы 1 600 АЕК-тен аспайтын және бес жылдан астам орындалмаған берешегі бар азаматтар үшін соттан тыс банкроттық рәсімінің мерзімі бір айға дейін қысқартылды.

Барлық жаңалық