Қоғам

Астанада көлігін тұраққа қоймақ болған әйел паркинг қызметкерін басып кетті

Астанада көлігін тұраққа қоймақ болған әйел паркинг қызметкерін басып кетті

Астанада жерасты автотұрағында көлік жүргізушісі паркинг қызметкерін қағып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға 2 қазанда Бөкейхан көшесіндегі жерасты автотұрағында болған. Полицияның мәліметінше, «ROX» маркалы көліктің жүргізушісі тұраққа кіріп, солға бұрылған кезде аумақта жұмыс істеп жүрген жаяу жүргіншіні байқамай қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам медициналық мекемеге шұғыл жеткізілген. Алайда алған жарақаттары ауыр болып, кейін ауруханада қайтыс болған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.  

Барлық жаңалық