Қоғам

Петропавлда 13 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Петропавлда 13 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Петропавлда 37 жастағы ер адам мен оның 32 жастағы бірге тұратын әйелі кәмелетке толмаған қызға сексуалдық зорлық көрсеткені үшін сотталды, деп жазады Ozgeris.info. 

Сот материалдарына сәйкес, ерлі-зайыпты Жұмысшы ауылында тұрған. Ер адам кондитер, ал азаматтық некедегі әйелі санитар болып жұмыс істеген. Олардың екі баласы бар.

Оқиға болған күні ер адамның үйіне туысы 13 жастағы таныс қызымен бірге келген. Кейін кәмелетке толмаған қыз сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

Бұл туралы қыздың ата-анасы білгеннен кейін полицияға жүгінген. Іс бойынша сот отырысы жабық режимде өткен.

Сот ер адамды кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Ал оның бірге тұратын әйелі қылмысқа көмектескені үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар сот жәбірленуші тараптың талап-арызын қанағаттандырып, сотталғандарды қызға келтірілген моральдық зиян үшін 6 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұдан бөлек, олардан сот сараптамасын жүргізуге жұмсалған 3,6 млн теңге өндірілді.

Сот сотталғандардың балаларына қатысты да жеке қаулы шығарып, олардың екеуін де қорғаншылық және қамқоршылық органдарына беруді тапсырды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалық