Танымал әнші Еркін Нұржанов өнердегі әріптесі әрі досы Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы туралы айтып, операцияға дейінгі оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі қалжыңдап, Кенжебек Жанәбіловтің тез сауығып кетуіне үлес қосқанын айтты.
«Кенжебек досымды операциядан кейін бүгін көріп жатырмын. Жағдайын сұрап, қуанып, “аман-есен қалған жаның олжа болсын” деп жатырмыз. Операцияға кірерден бір күн бұрын хабарласып, “Досым, Алла амандығын берсін. Операциядан аман-есен шық” деп мотивация бергенмін. Кенжебек “сенің мотивацияң күшті әсер етті” дейді. Мен оған “Олай-бұлай болып кетіп жатсаң, Жәмиләні қалай қыламыз?” дегенмін. Содан аман қалыпты. Келіншегін қатты жақсы көреді екен», – деді Еркін Нұржанов.
Әншінің бұл әзілі оқырмандардың да көңілінен шығып, жақсы пікірлерін жазды.
«Бұл жігітті салмақты деп жүрсек, қалжыңы да бар екен», «Еркінді мүлде әзілдемейді деп ойлап жүріппіз», «Жақсы мотиватор екен», «Осылай әзілдеріңіз жарасып, аман жүріңіздер», – деп жазды желі қолданушылары.