Жаңалықтар

2027 жылы Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы қанша болатыны нақтыланды

2027 жылы Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы қанша болатыны нақтыланды

Келер жылы төлем көлемі өзгермейді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік шәкіртақы мөлшері қазіргі деңгейде сақталады.

Осылайша, 2027 жылы жоғары оқу орындарында білім алушыларға ай сайын мынадай мемлекеттік шәкіртақы төленеді:

– бакалавриат студенттеріне – 52 372 теңге;

– педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттарында оқитын студенттерге – 84 000 теңге;

– интерндерге – 94 862 теңге;

– магистранттарға – 117 098 теңге;

– «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша магистранттар мен резидент-дәрігерлерге – 134 664 теңге;

– докторанттарға – 262 500 теңге.

Сонымен қатар аралық аттестаттау нәтижесі бойынша тек «өте жақсы» баға алған студенттер мен магистранттарға жоғарылатылған мемлекеттік шәкіртақы төленеді. Оның мөлшері базалық шәкіртақыдан 15 пайызға жоғары.

Мәселен, бакалавриат студенті үшін жоғарылатылған шәкіртақы 60 227,8 теңгені, ал магистрант үшін 134 662,7 теңгені құрайды.

Айта кетейік, қазіргі шәкіртақы мөлшерлері 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізілген. Сол кезде бакалавриат студенттерінің мемлекеттік шәкіртақысы 52 372 теңгеге, магистранттардыкі 117 098 теңгеге, докторанттардыкі 262 500 теңгеге дейін көтерілген.

Барлық жаңалық