Қоғам

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол бойынша Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-сыныпты капитан Қанат Ниязбеков қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Барлық жаңалық