Әнші Төреғали Төрәлінің қамаудағы мерзімі аяқталды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, А. есімді азамат (Төреғали Төрәлінің тегі бойынша – авт.) қамауда ұстау әкімшілік жазасы 17 шілде күні аяқталды.
Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болған еді.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткіге мас екені расталды. Сол күні көлік жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкінетінін айтқан.
ПІКІР ЖАЗУ