Әлеуметтік желілерде өзін Елисей деп таныстырған бойжеткеннің түнгі клубтардың бірінде зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы бейнежазбасы тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды деп хабарлайды ozgeris.info сайты alash.kz сайтына сілтемемен.
Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында жәбірленушінің жеке басы анықталып, ол ресми түрде полицияға арыз берген.
Тексеру нәтижесінде 29 жастағы күдікті ұсталып, оның осы мекеменің басшысы екені белгілі болды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл істі ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінде күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.