Жаңалықтар

Шерзат ісі: Айтбек Амангелді соттан кейін тың деректерді ұсынбақ

Шерзат ісі: Айтбек Амангелді соттан кейін тың деректерді ұсынбақ

Айтбек Амангелді Шерзат ісіне байланысты сот процесі кезінде жария етілмеген құжаттарды ашық түрде ұсынуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 

Оның айтуынша, сот барысы жалғасып жатқанда белгілі бір мәліметтерді айтуға шектеу болған.

 

— Біз сот аяқталғаннан кейін өз ұстанымымызды нақтылайтынымызды алдын ала мәлімдегенбіз. Енді, сот процесі тәмамдалған соң, бұған дейін көрсете алмаған барлық құжаттарды рет-ретімен жариялайтын боламыз, — деді Айтбек Амангелді.

 

Сондай-ақ, ол жәбірленуші тараппен бір мақсатты көздегенімен, көзқарас пен әрекет жолдарында айырмашылық болғанын атап өтті.

 

— Бұған дейін біз ешқандай құжатты ашық түрде көрсете алмадық, әрі назарды басқа жаққа бұрғымыз келмеді. Басты мақсат — Шерзаттың өліміне кінәлілерді жауапқа тарту. Бірақ оған жетудің жолдары әртүрлі болды, — деп жазды ол.

Барлық жаңалық