Құлсары қаласында 8 жастағы қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабар 6 маусым күні кешкі уақытта жарияланды, деп хабарлайлы ozgeris.info сайты ALASH.KZ сайтына сілтемемен.
Қыз бала шамамен түскі мезгілде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Жоғалу дерегі бойынша туыстары сағат 21:28-де полицияға жүгінген.
Іздеу жұмыстарына полиция, төтенше жағдайлар қызметі және еріктілер жұмылдырылды. Қаладағы бейнебақылау камералары мұқият тексерілді.
Алайда, өкінішке орай, 6 маусымға қараған түні сағат 02:19 шамасында қыз баланың денесі Күрсай арнасынан табылды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның нақты себептері анықталуда. Полиция тергеу нәтижелері шыққанға дейін жалған ақпарат таратпауға шақырады.
Әлеуметтік желілерде қыздың бейтаныс ер адаммен кетіп бара жатқан сәті түсірілген бейнежазба тарады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Іздеу жұмыстарына құқық қорғау органдарымен қатар жергілікті тұрғындар да белсенді түрде қатысқан.