Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде алғыс білдірді,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді оның үкіметінің Италия тарихындағы ең ұзақ уақыт жұмыс істеген үкімет (рекордтық мерзім) болуымен құттықтаған еді.
Италия премьер-министрі Тоқаевқа жоғары бағасы мен кездесулерде байқалған шынайы достығы үшін алғыс айтты. Ол Қазақстан Президентін «стратегиялық пайымы бар және болашаққа ұмтылған көшбасшы» деп атап, онымен бірге жұмыс істеу үлкен мәртебе екенін жеткізді.
Мелони екі ел арасындағы энергетика, маңызды минералды ресурстар және жоғары білім беру салаларындағы жаңа стратегиялық мүмкіндіктерді дамытуға ниетті екенін баса айтты.