Танымал блогер Мадинахон Мамадалиева Италиядағы бизнес пойызда өзінің қымбат киімдері бар чемоданын ұрлап кеткенін айтып жылады,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айтуынша, сөмкенің ішінде қолтырауыннан жасалған бренд сумкалар мен қымбат киімдері болған. Олардың құны шамамен 70 мың доллар, яғни 31 млн теңге. Өзі отырған орынның үстінгі сөресінен алып кетіпті.
Блогер көрсетілімге киетін барлық киімі сонда кеткенін айтып ашынды.