Қоғам

Бұрынғы  премьер-министр Серік Ахметов тойда төбе көрсетті

Бұрынғы  премьер-министр Серік Ахметов тойда төбе көрсетті

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов Астанада қабылдау үйінде өткен тойға келген,деп хабарлайды  Ozgeris.info

Оның суретін Бурдж Халифа есімімен танымал Мұхаммедәлі Мұратов жариялады.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке 2021 жылдың 1 қыркүйегінде қойылған шектеулер алынды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 1 қыркүйекте Серік Ахметовтің жазасын өтегеніне байланысты есептен шығарылғанын хабарлады. Ол қазір пробация қызметінің есебінде болып, қосымша жаза ретінде белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынған.

2015 жылдың желтоқсанында Серік Ахметов мемлекеттік қызмет атқару құқығынан бес жылға айыра отырып, мүлкін тәркілеу арқылы 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Оған бюджет қаражатын жымқырды, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген айыптар тағылған.

Ахметов өз кінәсін мойындамаған.

Алайда ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сенімін ақтамағаны және «оны уайымдатқаны» үшін кешірім сұраған.

2016 жылдың наурызында оның жазасы 8 жылға дейін қысқартылған. Сот бұл жеңілдікті Ахметовтің шын жүректен өкінгенімен және 2,5 миллиард теңге көлеміндегі шығынды өтегенімен түсіндірген.

2017 жылдың қыркүйегінде бұрынғы премьер-министрдің бас бостандығынан айыру жазасы тұрғылықты жері бойынша бостандықты шектеу жазасына ауыстырылған.

Барлық жаңалық