Қоғам

Қазақстандық блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жапты

Қазақстандық блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жапты

Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым АҚШ экс-президентінің ұлы Дональд Трамп-кішімен кездесіп, оған қазақтың ұлттық киімдерін сыйға тартты,деп хабарлайды  Ozgeris.info

Блогер АҚШ президентінің ұлымен түскен суреттерін Instagram парақшасында бөлісті. Дастанның айтуынша, олар табиғат аясында үш күн бірге болған. Демалыс кезінде блогер оны қазақ халқының ұлттық мәдениетімен таныстыруды ұйғарып, дәстүрлі шапан мен тұмақ кигізген.

«Демалыс кезінде оған қазақы шапан сыйлап, дәстүрлі тұмақты кигізудің сәті түсті!», — деп жазды блогер.

Сондай-ақ Дастан бұл сыйлықты ұйымдастыруға көмектескен жандарға алғысын білдірді. Жарияланған кадрларға қарағанда, Трамп-кішіге қазақтың ұлттық киімі ұнаған сияқты.

Бұған дейін Дастан Сатпаев пен ByDastann Халықаралық волонтёрлер жылының әлемдік амбассадорлары атанғаны хабарланған болатын.

Барлық жаңалық