Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Нурия» тұрғын үй кешенінің ауласында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
4 қыркүйек күні сағат 18:20 шамасында «Chevrolet Cobalt» автокөлігінің жүргізушісі екі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, көлік жылдамдығы сағатына 40 шақырым айналасында болуы мүмкін. Қуагерлердің айтуынша, соққыдан кейін зардап шеккен қыздардың бірі біраз уақыт ес-түссіз жатқан.
Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады:
«Полиция қызметкерлері екі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қаққан «Chevrolet Cobalt» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған балалар қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді».
Полиция департаменті жүргізушілерді, әсіресе балалар жиі жүретін тұрғын үй алқаптарында жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.