Қоғам

Шерзат Полаттың өлімі: басты айыпты 23 жылға сотталды, отбасына 120 миллион теңге өтемақы тағайындалды

Жасөспірім Шерзат Полатты қатыгездікпен өлтіру ісіне нүкте қойылды. Сот басты айыпты Абзал Шынасылды 23 жылға бас бостандығынан айырды. Тергеу оның қолындағы пышақ баланың өмірін жалмағанын анықтаған, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Бұл іс бойынша жаза алғандар саны тоғыз адам. Олардың ішінде Равиль Сакиев 20 жылға сотталды – ол бұзақылықпен қатар кісі өлтіруге оқталған деп танылды. Азамат Тоқтаубаев бұрын да істі болғаны үшін 15 жыл жаза алды. Нұркияс Ілиясов 9 жылға, ал Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұрбол Тоқтаубаев және Дидар Қалиахмет әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал кәмелетке толмаған Думан Ысқақ тек 1,5 жылға жазаланды. Iның кінәсі қылмыс туралы хабарламағаны үшін берілді.

Сот отырысында моральдық және материалдық шығындар да қаралды. Абзал Шынасыл Шерзаттың әкесі, анасы және әжесіне әрқайсысына 20 миллион теңгеден – жалпы 60 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сакиев ата-анасына 15 миллион теңгеден – барлығы 30 миллион теңге өтемақы төлемек. Қалған айыпталушыларға да бірлесіп 30 миллион теңге төлеу міндеттелді.

Осылайша, қылмыскерлер Шерзаттың жақындарына жалпы сомасы 120 миллион теңге өтемақы өтеуге тиіс. Жастар арасындағы қылмыстың осыншалықты ауыр салдары қоғамды тағы да ойландырды.

Барлық жаңалық