Шоу-бизнес

«Әнімді маған айтпай сатып жіберген»: Еркеш Хасен Қанайдың орынсыз әрекетін әшкереледі

Танымал жас әнші Еркеш Хасен Қызық times бағдарламасына берген сұхбатында досы Қанайдың өзінің әнін рұқсатсыз сатып жібергенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. Әнін танымал актриса Дариға Бадықова сатып алған.

"Дариға Бадықова апайымыз бар ғой. Қанайдың дауысын 10 адам ән айтып тұрса бірден танып қоясың. Қанайға хабарласқан "мынау сенің әнің бе?" деп. Мынау сатып жіберген ғой соны. Маған хабарласпаған. Ютубта отырсам, әнім шығып тұр. Қанайға хабарлассам, бұл да саспайды ғой. "Иә, досым, хабарласты" дейді. Сатып жіберген ақшасын алып қойған. 50 пайыз болсын ақшамды бере ме десем, "ол ақшаны жұмсап тастадым" дейді, - деді Еркеш.

Еркеш әзілмен айтқанымен, желі қолданушылары Қанайдан бұндай әрекетті күтпегендіктерін жазды.

Барлық жаңалық