Қоғам

«Арсыздық»: Бәйбішесі мен тоқалының ортасында жатқан ер адамның видеосы көптің ашуын туғызды

«Арсыздық»: Бәйбішесі мен тоқалының ортасында жатқан ер адамның видеосы көптің ашуын туғызды

Бүгін әлеуметтік желі кеңістігінде, әсіресе Instagram платформасында тараған видео қызу талқылаудың ошағына айналды. Бейнежазбада екі әйелдің ортасында жатып, өз өміріне дән риза кейіп танытқан ер адам бейнеленген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Автордың «тоқалым мен бәйбішеммен бірге өткізген уақыттарым осындай» деген жазбасы отқа май құйғандай әсер етті. Қоғам бұл көріністі отбасылық бақыт емес, нағыз моральдық құлдырау деп қабылдады.

Видеодан ер адамның екі жағынан екі әйелдің құшақтап, еркелеп жатқанын көруге болады. Бұл көрініс көпшіліктің пікірінше, қазақы тәрбие мен этикаға мүлдем жат.

Желі қолданушылары мұндай интимдік сипаттағы, жеке өмірге қатысты дүниелердің жалпыға ортақ көрсетілуін «арсыздық» деп бағалады. Көп әйел алу тақырыбы Қазақстанда онсыз да нәзік мәселе болса, оны мақтанға айналдыру жұрттың шамына тиген.

Бейнежазба астына жазылған пікірлерден халықтың наразылығын анық байқауға болады. Көпшілік ер азаматтың ой-өрісі мен құндылықтарын сынға алды.

«Еркектің бар ойлағаны осы болса, ұлттың болашағы не болмақ? Бұл нағыз жиіркенішті көрініс. Шетелдіктерді азғындады деп сөгесіздер, ал өздеріңіздің мына қылықтарыңыз ше?», – деп жазды ашынған оқырмандар.

Тағы бір топ қолданушылар мәселенің тәрбиелік жағына үңілді. «Өз қыздарыңды осындай жағдайда көргілерің келе ме? Алла сақтасын мұндайдан», – деген пікірлер де көптеп кездеседі. Бұл оқиға қоғамдағы «тоқал алу» үрдісінің дөрекі көрінісі ретінде қабылданып отыр.

Барлық жаңалық