Шоу-бизнес

"Құдайдың қолындамын": Нұрғали Нүсіпжанов жағдайынан хабар берді

"Құдайдың қолындамын": Нұрғали Нүсіпжанов жағдайынан хабар берді

Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов денсаулығына байланысты үздіксіз ем алып жүргенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы ол жеке парақшасында мәлімдеді. 

"РЕАБИЛИТАЦИЯ… СЕНЕРІМ ДЕ, СҮЙЕНЕРІМ ДЕ БІР АЛЛА. Аллаға шүкір, он сегіз мың ғаламды жаратқан, жоқтан бар жасаған Аллаға сансыз шүкіршіліктер болсын… Әрбір күніме, әрбір сағатыма, тіпті минут-секундыма Аллаға қарыздармын… Әрбір басқан қадамыма, бұйырған тұз дәміме, Алланың берген әрбір нығметыне шүкіршілк білдіремін… Бақыттың қатып қалған қағидасы жоқ, оның нақты формуласы да болмаған, өлшемінің болмауы да өмірдегі басты жаңалық емес. Менің түсінік пайымымда аман-сау жүрген күніңнің бәрі бақыт… Артыма қарап Аллаға шүкір еткен адаммын… Алдыма қарап Аллаға сенім артқан адаммын… Ал қалған дүние құдіреті күшті Құдайдың ғана қолында…  Азға-қанағат… Барға-тәубә… Жоққа-сабыр… Аллаға-шүкір", деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншіге денсаулық тілеп, ақ тілектерін жаудырды. 

Барлық жаңалық