Шоу-бизнес

«Аяқтан шалушылар көп»: Наркенже Серікбаева Мақпал Жүнісова туралы жазды

«Аяқтан шалушылар көп»: Наркенже Серікбаева Мақпал Жүнісова туралы жазды

Әнші Наркенже Серікбаева өнердегі әпкесі Мақпал Жүнісова туралы жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

"Қазақтай қасиетті елдің бағына біткен өнерпаздар аса көп емес. Солардың бірі де бірегейі - Мақпал Жүнісова апам деп білемін. Аңқылдаған, жарқылдаған жаны жайсаң жан. Елден еркелігін де, мінезін де жасырған емес. Қалай бар, солай жүреді. Еркіндік бар. Шындықты бетке айтатын қаймықпас қайсар мінезіне тәнтімін. Өмірде қанша қиындық көрсе де еңсеріп, теңселіп көрмеген, тірліктің тезіне шыдаған текті адам ғой. Өнердегі жолы өзгеше болған соң да бұл кісіні аяқтан шалушылар көп болды. Бекзат болмысымен, өр рухымен бәрін де мойындатқан тұлға.
Қамыққанда, жабыққанда әнмен жұбанатын жан мұңымыз, тағдырымыз ұқсас…
Өзіңізді, өнеріңізді шексіз құрметтеймін, әпке! Алаштың аялы алақанында аман жүріңіз!", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары қос өнерпазға ыстық ықыластарып білдіріп, түрлі пікір жазды. 

 

Барлық жаңалық