Шоу-бизнес

«Динара Сәтжан қоқан-лоқы көрсетуде»: Олигархтың әйелі тағы да шу шығарды

«Динара Сәтжан қоқан-лоқы көрсетуде»: Олигархтың әйелі тағы да шу шығарды

Threads әлеуметтік желісінде журналист әрі блогер Динара Сәтжан мен қолданушылардың бірі арасында пікірталас өршіді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұған дейін Динара Сәтжан өз парақшасында өзін сынауға қарсы емес екенін, алайда қорлау заң алдында жауапкершілікке әкелетінін мәлімдеген.

«Мені ұнатпауыңызға болады. Сынауыңызға болады. Менімен келіспеуіңізге болады. Бірақ мені қорлау арқылы сіз Қылмыстық кодекстің 131-бабын бұзасыз. Threads пен TikTok – анонимді алаң емес. Бұл – қоғамдық кеңістік. Әр пікіріңіз үшін жауап бересіз. Тағы көрсем, сотта кездесеміз», – деп жазды Динара Сәтжан.

Осыған жауап ретінде nellkinsen есімді Threads қолданушысы өзіне нақты қандай әрекеті үшін сотпен қорқытылып отырғанын сұрап, пікірін жариялады.

«Маған нақты не үшін сотпен қорқытып отырсыз? Қандай нақты қорлау болды? Автордың сұхбатын жеке басқа өтпей талқылау заң бұзушылық емес. Егер мен шынымен заң бұзған болсам, көпшілік алдында кешірім сұрап, барлық реакциямды өшіремін. Бірақ бұл жағдайға заңгер құқықтық баға бергенін қалаймын. Бұл тек мен үшін емес, бәріміз үшін маңызды – медиа тұлғаларға қатысты сынның шекарасы талқылануы керек», – деп жазды блогер. 

Қазіргі таңда тараптар арасындағы пікірталас Threads желісінде жалғасып жатыр. Ресми түрде сотқа талап-арыз берілгені туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Барлық жаңалық