Шоу-бизнес

"Әке-ана, сіздерді жақсы көремін": Қайрат Нұртас қайынжұртының алдында ішіндегісін ақтарды

"Әке-ана, сіздерді жақсы көремін": Қайрат Нұртас қайынжұртының алдында ішіндегісін ақтарды

Танымал әнші Қайрат Нұртас қайынжұртының тойында төбе көрсетіп өзінің ақ тілегін арнады, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Жұлдыз Әбдікәрімованың інісінің тойынды танымал әнші өз әнін айтты. 

"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Ана-әке, бүгінгі көздеріңізден көріп тұрған қуанышқа тоймай тұрмын. Құдай көп көрмесін. Айсұлтан, сен осы отбасындағы ерекше жансың ғой, мен сені қатты жақсы көремін. Бауырым, екеуіңе барлық жақсылықты тілеймін. Биіктен көріне беріңдер, үбірлі-шүбірлі болыңдар. Келген құдалар, төрге шыққандарыңыз құтты болсын. Осындай қуаныш баршаңызға жұғысты болсын. Мен екеуіңе "Сені сүйемін" деген әнімді арнағым келіп отыр. Баршаңызды ортаға махаббат вальсіне шақырамын", - деді ол. 

Айта кетейік, осыған дейін желі қолданушылары құдасының тойына бармаған Гүлзира Айдарбекованы сынаған еді. 

Барлық жаңалық