Қоғам

“Бәрі заң алдында тең”: Алматы тауларындағы жер дауында ірі есімдер атала бастады

“Бәрі заң алдында тең”: Алматы тауларындағы жер дауында ірі есімдер атала бастады

Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті (ДУЗР) таудағы беткейлер бұзылып, табиғи сайсалалар көміліп жатқан аумақта орналасқан 74 даулы жер телімінің 30-ына қатысты сотқа талап арыз берді. Бұл жөнінде тексеруді бастамашысы болған Бақытжан Базарбек мәлімдеді деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Қалған 44 жер телімі бұрынғы Алматы облысының құзіретінде болғандықтан, оларды Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті тексеріп жатыр. Бұл аумақтар қаланың қайта кеңеюінен кейін Алматыға қосылған территорияларға жатады.

 

Жауапты тұлғаның айтуынша, даулы жер телімдерінің иелері қатарында жай тұрғындар емес, керісінше:Болат Назарбаев,Forbes тізіміндегі ірі кәсіпкерлер,Бұрын Президент Әкімшілігінде, министрліктерде немесе ірі мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқарған жоғары лауазымды шенеуніктер болуы мүмкін.

 

Тексеруді бастаған Бақытжан Базарбек өз мәлімдемесінде:

 

“Мен үшін жер телімінің артында кім тұрғаны маңызды емес. Керісінше, иесінің әлеуметтік немесе қызметтік мәртебесі қаншалықты жоғары болса, оның жерін тексеруге деген мотивациям соншалықты артады. Біліп қойыңыздар: заңның алдында барлығы бірдей!” – деп атап өтті.

 

Бақытжан істі соңына дейін жеткізуді жоспарлап отыр:


“Барлық заңсыз иеленген жерлер мемлекеттік меншікке қайтарылмақ.”

 

Алматы маңындағы таулы аумақтарды заңсыз мақсатта игеру, жоталарды кесу және сай-салаларды көміп, табиғи ландшафтты бүлдіру мәселесі қоғамда үлкен резонанс тудырып келеді. Тексерулер жалғасуда.

Барлық жаңалық