Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп жазады ozgeris.info. 

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды. 

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербор қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Масуд Пезешкиан 10-11 желтоқсан күндері Астанаға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік. 

 

Барлық жаңалық