Әлеуметтік желілерде Астана көшелерінде жүріп бара жатқан зениттік зымыран кешені түсірілген видео тарады. Кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқылау тудырды деп жазды ozgeris.kz сайты.
Осы жағдайға байланысты Қазақстанның Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, әскери техниканың қозғалысы жоспарлы жауынгерлік дайындық шаралары аясында жүзеге асырылып жатыр.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің есептоптары оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Жаттығулар әскери техниканы басқару, оны жедел орналастыру және жауынгерлік міндеттерді орындау дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Ведомство мұндай оқу-жаттығулар Қарулы күштердің бекітілген дайындық жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.