Танымал әнші Бейбіт Қорған өзінің желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол өмірден өткен марқұм анасын жоқтады. Қайтыс болғанына биыл 18 жыл толғанын айтты.
"Ассалаумуағалейкум ағайын-туысқандар! Анамның қайтқанына 18 жыл өтіпті! Өмір шыныменде тез екен! Аз өмірімізде сыйластықтан артық ештеңе жоқ екен! Анамыздың жұмақтың төрінен болуына, барлығымыздың дұға-тілектеріміз қабыл болсын! “Әмин”деп қолдаған елге мың алғыс! Алла разы болсын!", - деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, тілектерін жаудырды.
"Жаны жәннатта болсын", "Иманды болсын", "Апамыздың жатқан жері жұмақтың төрі болсын! Артында қалған ұрпағына шапағатшы болсын", - деп жазды оқырмандар.