Жаңалықтар

Атырауда ағайындылар арасында атыс болды

Атырауда ағайындылар арасында атыс болды

Жанжал барысында травматикалық қарудан оқ атылып, шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады Ozgeris.info сайты.

"Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, жағдай 30 жастағы жәбірленушінің үйінің ауласында болған.

Кейін полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олар 2003 және 2004 жылы туған, Индербор кентінің тұрғындары – ағайындылар болып шыққан.

Жарақат алған ер адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қазіргі уақытта ол хирургия бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Барлық жаңалық