Қоғам

Он жылдық еңбек: Байқоңырдан "Сұңқар" зымыраны алғаш рет көкке көтерілді

Он жылдық еңбек: Байқоңырдан "Сұңқар" зымыраны алғаш рет көкке көтерілді

Байқоңыр ғарыш айлағында көптен күткен ұшырылым сәтті аяқталды. Түнгі сағат 23:00 шамасында, 30 сәуір күні "Сұңқар" немесе "Союз-5" ракета тасығышы алғаш рет көкке көтерілді. Бұл толық он жыл бойы жасалған ауқымды жобаның нақты нәтижесі деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Жаңа зымыран "Бәйтерек" ғарыш кешенінің 45-айлағынан ұшу-конструкторлық сынақ аясында жолға шықты. Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл қадамды тарихи оқиға деп жоғары бағалап отыр. Ведомство мамандары осы арқылы еліміздің ғарыш саласына араласуына мүлдем жаңа мүмкіндіктер ашылатынына сенімді.

Айта кететін жайт бұл ұшырылым осыған дейін бірнеше рет шегерілген еді. Алғашында 27 наурызға жоспарланған шара кейін 4 сәуірге ауыстырылды. Жалпы "Сұңқар" зымыранын жасау жұмыстарын Ресей 2015 жылы қолға алған. Бастапқы жоспар бойынша бірінші сынақ 2017 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда түрлі себептермен мерзім ұзарып кетті.

"Сұңқар" қос мемлекеттің орта кластағы ракеталар жобасы негізінде дүниеге келген. Оны көрші елдің "Прогресс" кешенінде құрастырып шығарған. Ал ұшырылым жасалған "Бәйтерек" алаңы Қазақстан мен Ресейдің арнайы стратегиялық жобасы саналады. Оның басты мақсаты ракета ұшыру үшін қос тараптың өздеріне тиесілі жеке инфрақұрылымдарын тиімді пайдалану.

Барлық жаңалық