TikTok желісінде жазушы Шерхан Мұртазаның Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына айтқан сөзі тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Жазушының жалынды сөзі желіде кеңінен тарап, түрлі пікір жазылды.
"Сізге ақыл үйретейін деген ниетім жоқ. Бірақ халық айтады. Халық не дейді? "Араны ашылған тойымсыз қыран не аңды алады, не аңшының өзі алады", дейді. Осыған қатты мән берсеңіз болар еді", - дейді Шерхан Мұртаза Назарбаевқа.
"Не деген дух десеңізші", "Тура бетіне айтқан екен", "Бұл нақыл сөзді ақыры түсінбестен кетті", "Керемет жеткізді", "Шерхан атам не деген мықты тұлға", деп жазды желі қолданушылары жарыса.