Шоу-бизнес

"Менің шәкіртім емес!": Есен Елеукен пойызда ылаң салған жайдарманшыдан сырт айналды

"Менің шәкіртім емес!": Есен Елеукен пойызда ылаң салған жайдарманшыдан сырт айналды

"Жайдарманның" негізін қалаушы Есен Елеукен "Аралас Арал" командасының ойыншысы Ақылбек Скендировқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Естеріңізге сала кетейік, жайдарманшы Ақылбек Скендиров пойызға ішімдік ішіп мініп, балалы әйелге тиісті деген күдікке ілінген еді. 

"Ақылбек менің шәкіртім емес. 13 жыл менімен бірге жүрген кезде дұрыс болды. Кейіннен ол КТА-ға кетті", - деді Есен Елеукен. 

Айта кетейік, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов "Жайдарман ойындарына" ұқсас "Көңілді тапқырлар алаңын"(КТА) өткізіп, өзі жүргізуші болған еді. 

Барлық жаңалық