Қоғам

"Енді концерт бермеймін": Роза Әлқожа әбден көңілі қалғанын айтты

"Енді концерт бермеймін": Роза Әлқожа әбден көңілі қалғанын айтты

Танымал әнші Роза Әлқожа Шымкентте өткен жеке ән кешінен бір тиын пайда көрмегенін айтып, ұйымдастырушыларға ашуланды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Қазір әнші Қытайдың Гуанчжоу қаласында жүр. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында көңіліндегі өкпесін жеткізді. Оның айтуынша, Шымкентте өткен концертінен табыс түспегеніне ұйымдастырушылар жауапты.

“Аяқ астынан Гуанчжоуға кетіп қалғаным қандай жақсы болған. Қазір концерттің шығыны мен кірісін айтқан кезде, күлкім келіп жатыр. Шымкенттегі концерттен бір тиын пайда жоқ. Баяғыда Қызылорда мен Ақтөбеде Дастан деген жігіт концерт өткізіп, 3,5 миллион теңге қарызын әлі берген жоқ. Қанша жыл болды”, – деді әнші.

Әншінің айтуынша, концертті жүргізіп, халықтың алдында өнер көрсететін – ол, алайда пайдасын көретін - ұйымдастырушылар. Өнер иесі осындай жағдайлардан кейін концерт бергісі келмейтінін де айтты. 

"Осындай концерттерге күлкім келеді. Өліп-өшіп халықтың алдына шығатын – мен. Концертті жүргізетін – мен. Ән салатын – мен. Елге жауап беретін – мен. Бірақ пайдасын көретін – ұйымдастырушылар. Мейлі, ары білсін. “Анаған кетті, мынаған кетті, өйтті, бүйтті” дейді. Ұқит-сұқит. Салпақтап жүрген кім? Еңбегін төккен кім?  Шаршап өлейін деп жүрген кім? Таңғаламын, Бұдан кейін концерт бермеймін-ау!" – деді Роза Әлқожа.

Барлық жаңалық