Блогер Жұлдыз Жауынбаева журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында біраз былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол блогер Дархан Жолшыбеков туралы сұмдық жайтты баяндады.
"Daricorn менің құрбым. Бір отырыста амандассам, маған сенімен араласуға болмайды күйеуім Дархан қарсы деді. Құрбым Даридан бұндайды күтпеген едім, жаман болып қалдым. Ал Дархан болса, мен оқуда жүрген кезде түн ішінде маған хабарласып жыныс мүшесін көрсетіп, мені қалайтынын айтқан. Алкогольдің әсері деп үндемей жүрсем, әйелін менімен араластырмайды екен ғой ол. Дариға сұхбат беретінімді айтқанмын. Сол кезде Дархан туралы айта бер, оны барлығы біледі деген. Шындық осы", - деді ол.
Айта кетейік, Дархан Жолшыбеков есімді блогер үйленген. Әйелі де Daricorn атымен танымал блогер, әрі әнші.